Спорт • 03 Қараша, 2023

Биатл мен триатлдан әлем чемпионатында ел құрамасы екі медаль олжалады

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Нуса-Дуа қаласында биатл мен триатлдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Биатл мен триатлдан әлем чемпионатында ел құрамасы екі медаль олжалады

Биатлдан аралас эстафетада 19 жасқа дейінгілер сыны бойынша  отандастарымыз Анель Исабаева мен Никита Дубинский чемпион атанды. Сонымен қоса 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Юлиана Петрова мен Алмас Совет мәреге үшінші болып келді.

Байрақты бәсекеде 34 елдің 700 атлетінің өзара шеберлік байқасуы төрт күнге созылады.

Аталған әлем чемпионаты 5 қарашада аяқталады.