
Сондай-ақ, олардың отбасылық қарым-қатынастар жақсы болмағаны анықталды. Ерлі-зайыптылар ажырасу рәсімін күтіп жүрген.
– Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлады ведомстводан.
Екі бала анасыз қалды. Қылмыстық тергеуді Ішкі істер министрлігі өз қолына алды.
Басқа мәліметтер тергеу жұмыстарына байланысты жария етуге жатпайды.