Қоғам • 03 Қараша, 2023

Сол жерде көз жұмды: Мопед жүргізушісі егде жастағы әйелді қағып кетті

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда мопед жүргізушісі егде жастағы әйелді қағып кетті, жәбірленуші сол жерде мерт қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сол жерде көз жұмды: Мопед жүргізушісі егде жастағы әйелді қағып кетті

Куәгерлердің айтуынша, азамат жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан. Қатты жылдамдықпен келген мопед рөлін игере алмай барып адамды соққан. Оқиға орнына жеткен полицейлер қазір тергеу жұмысы басталғанын айтты.

– Аталмыш көлік оқиғасы 3 қарашада сағат 13:00-де Бостандық ауданында болды. 2004 жылы туылған О. есімді азамат мопедті тізгіндей отырып, Тимириязев көшесімен батысқа қарай кетіп бара жатып, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 64 жылғы Ж. есімді жүргіншіні қағып кетті. Аталмыш дерек бойынша Алматы ПД анықтау басқармасында ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалық зерттеу тағайындалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.