Фото: Ашық дереккөз
Облыстық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сүйенсек, елорда уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 1491 аудандық және қалалық сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.
Ең ірі 305 сайлау учаскесінде (1000-нан астам сайлаушы) ЦДИАӨМ және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, сайлаушылар тізіміне кірмеген, бірақ сайлау учаскесінің аумағында тұратын мекенжай мәліметтерін тексеру үшін сервис ұйымдастырылған.
Жамбыл және Түркістан облыстарының 3 сайлау учаскесінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң шеңберінде аумақтық сайлау комиссияларының қабылданған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылды.
Сайлаушылар тізіміне 1 062 327 азамат енгізілген.
4 қараша сағат 18.00-де жалпы, учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру құқығына 143 есептен шығару куәлігін берді.
Дауыс беру бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі.