Ауа райы • 05 Қараша, 2023

Тұман мен жел: Қазгидромет 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 6 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамынша, кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұман мен жел: Қазгидромет 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с болады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с болады.