Спорт • 05 Қараша, 2023

Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 9 алтын алды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астана қаласында жасөспірімдер және жастар арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 9 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz boxingkazakhstan инстаграм арнасына сілтеме жасап.

Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 9 алтын алды

Фото: boxingkazakhstan. инстаграм

Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын – 1000$, 2-орын – 500$, 3-орын – 250$) ақшалай сыйақы алды.

12 күн бойы өткен Азия чемпионатында арнайы номинациялар бойынша ең үздік боксшылар белгілі болды:

Ең үздік жасөспірім қыз боксшы – Аяжан Сыдық (Қазақстан)

Ең үздік жасөспірім ұл боксшы – Фужуки Юга (Жапония)

Ең үздік жас қыз боксшы – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

Ең үздік жас ұл боксшы – Төрехан Сабырхан (Қазақстан)

Ең үздік төрешілер – Мариф Урдешев (Өзбекстан) және Мария Каваклиева (Болгария)

Елорда төрінде өткен Азия чемпионатында жас боксшыларымызға Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, Олимпиаданың 2 мәрте күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан және т.б қолдау білдірді.