Құқық • 05 Қараша, 2023

Сақ болыңыз: Мал ұрлығы «маусымы» басталды

211 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақта ықылым заманнан соғым маусымы басталғанда мал ұрлығы көбейетіні белгілі жайт. Бұл мал иелерінен өз шаруашылықтарының күзетін күшейтуді талап етеді. Кезекті соғым уақыты таяған сайын әр өңірде мал ұрлау оқиғалары да тіркеле бастайды.

Сақ болыңыз: Мал ұрлығы «маусымы» басталды

Жуырда Түркістан облы­сында мал ұрлауды кәсіп қыл­ған­ екі азамат ұсталды. Келес аудан­дық полиция бөлі­міне 6 ауыл тұрғыны арыз қалдырған. Олардың айтуынша, белгісіз біреулер олардың ірі қара малдарын қолды еткен. Жоғалған малдарын тұрғындар өз күштерімен іздегенімен, нәти­же болмаған соң полицияға шағымданған.

Жедел-іздестіру шарала­ры­­ның нәтижесінде поли­ция­­ қызметкерлері мал ұрлы­ғын­ жасағандардың ізіне шы­ғып, екі күдікті ер азаматты­ ұста­ды. Олар жұмыссыз жүр­ген жас­ жігіттер болып шық­ты. Айып­та­лушылар жәбір­ле­нушілерге 2,5 миллион теңге көлемінде шы­ғын келтірген. Полиция қыз­меткерлері аталған фактіні Қыл­мыстық кодекстің 188-1-ба­бы (Мал ұрлығы) бойынша тір­кеді.

Анықталғандай, ұрылар жер­­гілікті тұрғындардың жайы­­­­­­лымдарда қараусыз қал­ған және қорада тұрған төрт түлі­гін жымқырып, жүк көлі­гі­м­ен артып әкеткен. Содан соң ұрланған малды арзан баға­мен сатып, түскен ақшаны өзара бөліп алған. Қазіргі таңда күдік­тілер қамауға алынып, олар­ға қатысты сотқа дейінгі тер­геу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, жыл басынан бері елімізде 42 мал жоғалу дерегі тіркелді. Дегенмен олардың жарты­сынан көбінде ұрлықтың орын алмауына байланысты қыл­мыстық істер тоқтатылған. Бар­лық факт бойынша іздеу жұ­мыстары жүргізіліп, мал жоға­луының басты себебі – ие­ле­рінің оны қараусыз қалдыруы екені анықталды.

Сондай оқиғаның бірі жуыр­да Ақтөбе облысында тіркел­ді. Қарғалы ауданының полиция бөліміне 76 жастағы ауыл тұрғыны шағымданып, 130 бас жылқысының жоғал­ғаны туралы арыз берген. Залал­дың жалпы сомасы – 65 млн теңге. Жәбірленушінің арызы тіркеліп, Қылмыстық ко­дек­­с­­тің 188-бабының 4-бөлігі (Ұр­лық) бойынша­ қыл­мыс­тық іс қозғалды. Жоғалған жыл­қыларды іздеу үшін полиция қызметкерлері жедел шара­лар қабылдады. Ауа райы­ның қолайсыздығына қара­мас­тан, тәртіп сақшылары Қар­ғалы ауданында ғана емес, облыстың көрші ауданда­рын­да да іздестіру шарала­рын жүзеге асырды. Үш күн­нен кейін жоғалған мал шаруа­шы­лықтан 60 шақырым жерден табылып, ұрлықтың орын алмағаны анықталды. Осы­ған байланысты тергеу тоқтатылды. Дегенмен мұн­дай­ жағдайлар, біріншіден, тәр­тіп сақшыларының қымбат уа­қытын алатындықтан, екін­ші­ден, оған қаншама шығын кете­тін­діктен, полиция қыз­­мет­керлері халыққа өз малда­ры­на мұқият қарау керектігін ес­кертті.