"Димаш тазыға "Ғарышкер" деп ат қойып, желіге суреттерін жүктеді.
Президенттің сыйлығына Димаштың ерекше қуанып, риза болғанын айта кеткен жөн.
Жалпы, қазақтың тазы тұқымын әлемдік деңгейде насихаттауда Димаш үлкен іс атқара алады деп ойлаймын. Өйткені жер жаһанды жауһар өнерімен жаулаған дарабоз әнші ұлттың дәуірлерден жеткен құндылықтарын дәріптесе, дүниежүзіне даңқы жайылмақ", - деген Берік Уәли.
Ол мұның Мемлекет басшысы айтатын креативті индустрияның бір бағыты болатынына сенім білдірген.