Хулио Аламос өзінің соңғы кездесуін орта салмақта IBO чемпиондық белбеуі үшін өткізген. Қазіргі уақытта ол Boxrec рейтингінде әлем бойынша 23-орында тұр.
"Бұл кездесуде орта салмақта WBC Middleweight Elimination деңгейінде, яғни кездесудің жеңімпазы WBC чемпионына міндетті қарсылас болады. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланып отыр", деп жазды Adal Promotions компаниясы.
Айта кетейік, Мейірім бұған дейін неміс боксшысы Винсент Файгенбутцпен жұдырықтасады деп күтілген еді. Алайда қарсыласы жарақат алып, жекпе-жектен бас тартты.