Онда тек ым-ишара арқылы тапсырыс беру керек.
Бұл орын «Тыныштық кафесі» деп аталады. Келушілерге бұл жерде барлық қарым-қатынас тек ым-ишарамен ғана шектелетінін табалдырықтан аттағанда-ақ ескертеді.
Айтпақшы, тапсырыс беру кезінде блокнот немесе телефонды пайдалануға да тыйым салынады.
Рас, даяшыларға тілектеріңізді жеткізу қиынға соғады: мәзірде бар болғаны 10 сусын бар (барлығы алкогольсіз). Олардың құны бірдей – 800 иен (шамамен 2500 теңге). Ал ағылшын тілді туристердің өмірін жеңілдету үшін тәттілер тізімінде суреттер де бар.
Идея Токиода ерекше мекеме ашқан компанияға тиесілі. Онда қызметкерлер келушілердің ескі достары сияқты қызмет көрсетеді.