Финалда Жұқаев Америка өкілі Айден Мэйомен (376-орын) кездесіп, оны екі сетте – 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан спортшысы чемпион атағын жеңіп алып, 10 840 доллар табыс тапты. Сондай-ақ ол 75 рейтингтік ұпайға ие болды.
Бұған дейін турнирде Бейбіт Жұқаев америкалық Тай-Сон Квятковскиді (354-орын) – 4:6, 7:6, 7:6, испаниялық Иньяки Монтес де ла Торрені (517-орын) – 6:4, 7:6 есебімен ұтқан болатын, сонымен қатар хорваттық Нино Сердарусичті (284-орын) – 6:3, 6:4 және тағы бір АҚШ өкілі Патрик Кипсонды (274-орын) – 6:4, 7:6 есебімен жеңген еді.