Фото: news.myseldon.com
Әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев финалда дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте отандасымыз брейк жасай білді – 6:3.
Екінші сетте Бейбіт тағы бір брейк жасап, америкалық қарсыласын артта қалдырды – 4:2. Ақыры қазақ спортшысы матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Б.Жұқаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Осы жеңісінің арқасында Бейбіт үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.