Қоғам • 06 Қараша, 2023

Қостанай облысында әкім балағаттағаны үшін айыппұл төлейді

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының әкімшілік соты ауылдық округ әкіміне ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында әкім балағаттағаны үшін айыппұл төлейді

 

Zakon.kz жазғандай, ауыл басшысы түнде дүкенде дөрекілік танытқан.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 18 қазанда кешқұрым Новоильиновка ауылдық округінің әкімі аудандағы дүкендердің бірінде болған. Ол өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтып, түнде алкоголь сатуды талап еткен.

"Мемлекеттік қызметкердің іс-әрекеті дүкеннің бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазба кейінірек әлеуметтік желіде тарады", деп түсіндіреді ПД баспасөз қызметі.

Қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтқаны үшін полиция әкімге қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады (ұсақ бұзақылық).

6 қарашада Бейімбет Майлин атындағы ауданның әкімшілік соты әкімді кінәлі деп тауып, оған 20 АЕК (69 мың теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.