Фото: СС0/Josef Pichler
Жағымды жаңалық «Хабар 24» арнасында пайда болды.
Дәрігерлер соңғы уақытта салмағы ірі сәбилер жиі туылып жатқанын растап отыр.
Оған қоса облыста соңғы бірнеше жылда бала туу көрсеткіші едәуір артқан. Жыл басынан бері өңірде 2815 сәби дүние есігін ашқан.
«Дәрігерлер жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге үнемі шұғыл және жоспарлы көмек көрсетіп отырады. Ең бастысы, 9 айда ана өлімі тіркелген жоқ, нәресте өлімін азайтып жатырмыз», деді Жезқазған облыстық көпсалалы ауруханасының акушерлік бөлімшесінің меңгерушісі Ғайнура Әбішева.