Ауыл • 08 Қараша, 2023

Ауылдарға – 488 автобус

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің барлық өңіріндегі шалғай ауылдардағы оқушыларды тасымалдауға мемлекет бюджетінен 488 су жаңа мектеп автобустары берілді.

Ауылдарға – 488 автобус

Балалардың қауіпсіздігін қам­та­масыз ету мақсатында берілген кең әрі жайлы жаңа ав­тобус­тар барлық техникалық ережеге сай. Атап айтсақ, қозғалтқыш пен жанармай багындағы өртке қарсы жүйе, қауіпсіздік белдіктері бар орындықтар, мобильді гад­жеттерді қуаттауға арналған USB порттар және арнайы шамдар бар. Жаңа сақтық талаптары бойынша оқушылардың қимыл-қозғалысын және жүргізушілер жол қозғалысын бақылауда ұстау үшін 360 градусқа дейін көрсететін арнайы камералар да орнатылған.

Жаңа автобустарды отандық QazTehna зауыты Yutong компа­­ниясымен бірлесіп шығарған. Көлік­тер әлем нарығындағы біре­гей стан­дарттарға сүйеніп жа­салған.

Жолға шықпас бұрын жүр­гізу­ші­лер медициналық бақы­лаудан, ал автобустар техни­ка­лық тексерістен өтеді. Енді өң­ір­лердегі оқушылар аудан мен облыс орталықтарында өте­тін сайыстарға алаңсыз қаты­са алады. Жыл соңына дейін қауіп­сіздікті басты назарда ұстай­тын автобустардың жалпы саны 515-ке жетеді деп жоспарланып отыр.

 

Еркеназ ҚОРДАБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы

ЕҰУ 4-курс студенті