( VIII – VIV ғғ. )
Махмұт Қашқари
Ат қасқасы ай болмас.
Су татырмасқа сүт бер.
Жүйрік тазыны түлкі сүймес.
Ит қаппас деме, ат теппес деме.
Түтінді түрткілегеннің өзі ыстанар.
Тілменен түйген, тіспен шешілмес.
Аңшы қанша айла білсе, аю сонша соқпақ біледі.
Кеңескен іс оңалар.
Бала су төгер, үлкеннің жамбасы сынар.
Көрпеден артық көсілген аяқ үсір.
Әкесі ащы алма жесе, баласының тісі сырқырар.
Бидайдың арқасында бидайық су ішер.
Кәрі өгіз балтадан қорықпас.
Күйдірсе де күн жақсы.
Дос адам маңайыңды жұмақ етер.
Құтып
Темірді жайлап иер болар.
Бұлт шықса, бағбан бақшасын ойлайды.
Аңғарғыш аңшы ауын алыстан тастайды.
Гауһар жоғалмасын десең, сенімсізге сеніп тапсырма.
Төзімді тілегіне жетеді.
Шатысқан істің шешімі – шыдам.
Алақанмен күннің көзін жаба алмайсың.
Малы көптің қайғысы да көп.
Көп ауру көр аузынан қайтады.
Ойлы адамға нақыл сөз ұнайды.
Құдай берейін десе, ақылдының да, ақымақтың да тілегін береді.
Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді.
Талай бөрінің түбіне түлкі жеткен.
Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді.
Көгершін үйренген жеріне қонады.
Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер.
Кәріге жігітшілік жараспайды.
Қайғы да өтеді, қуаныш та өтеді, дәурен де өтеді, тек өкініш қана қалады.
Қанша асықсаң да, мезгілі жетпей іс бітпейді.
Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуі – әлі тумаған адам, екіншісі – өлген адам.
Дүние кейде бал сыйлайды, кейде ара боп шағады.
Күннің бәрі жаз емес, көңілдің бәрі мәз емес.
Келісіп істесе, көп іс бітеді.
Елдің қарғысынан сақтан!
Елдің бай болуы патшаның ниетіне байланысты.
Қарашасы азбас хан болмас.
Қаражүрек қайғының не екенін білмейді.
(Ербол Шаймерденұлы құрастырған «Қазақ афоризмдері» кітабынан іріктеліп алынды).