Саясат • 09 Қараша, 2023

Қазақстан елшісі Кореяның жоғарғы дипломатиялық орденімен марапатталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы бұрынғы елшісі Бақыт Дүйсенбаевты Корея Республикасы Президентінің I дәрежелі «Дипломатиялық еңбегі үшін» орденімен (Кванхва ордені) марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан елшісі Кореяның жоғарғы дипломатиялық орденімен марапатталды

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ Ик орденді табыстай отырып, Б. Дүйсенбаевқа Астана мен Сеул арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан дипломаты Корея Республикасының Президенті мен Үкіметіне марапат үшін өз алғысын білдірді.

Б. Дүйсенбаев 2018 жылдан 2023 жылға дейін Корея Республикасындағы елшісі қызметін атқарды. Ол Кванхва орденін алған Корея Республикасындағы алғашқы Қазақстан елшісі.

Айта кетейік, «Дипломатиялық еңбегі үшін» ордені – Корея Республикасы мен шет мемлекет арасындағы достықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін берілетін Корея Республикасының мемлекеттік наградасы. Орден алты сыныптан тұрады және Корея Республикасы Президентінің жоғары дәрежелі шетелдік дипломаттарға берілетін ең жоғарғы марапат.