Пікір • 10 Қараша, 2023

Жылдар айқындаған серіктестік

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей – Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі. Бұл байланысты ондаған жыл бойғы жемісті ынтымақтастық растайды. Халық тілімен айтқанда, патша заманынан бері қазақ пен орыс көрші болып келеді. Одан кейін де арамыз ажыраған жоқ.

Жылдар айқындаған серіктестік

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап, екі мемлекет көш­бас­шыларының, Заң шығарушы органдары мен үкіметтерінің, бизнес қоғамдастықтарының арасында табысты, ашық байла­ныс орнады. Ол үшін қос ел әрқа­шан екіжақты өзара іс-қимылды ны­ғайту бойынша барлық мүмкін болатын дипломатиялық, саяси қадамдар жасады және қабылдады.

Сындарлы саясат және өзара тиімді нәтижеге ұмтылыс – Қазақ­стан мен Ресей диалогінің негізгі ерекшелігі. Арамызда әлем­дегі ең ұзын құрлықтық шекара жатыр. Десек те барлық дең­гейде заң­намалық және іс жүзін­де екі­жақты қатынастар бекіді, халық­аралық бастамалар­ды жария қолдау қамтамасыз етіл­ді, инте­грациялық үдерістер бір­тіндеп дамып келе жатыр.

Бір жағынан Ресей Қазақс­танның ірі сауда-эконо­ми­калық серіктесі болған­дықтан, екіжақты тауар айналымы жыл сайын тарихи рекордты жаңартып келеді. Былтырдың өзінде тауар айналымы 28 миллиард долларды құрады.

Мұнай-газ саласындағы ынты­мақтастық та өте белсенді даму үстінде. Ресей мұнайын көрші елдерге, сондай-ақ газды Қазақстан аумағы арқылы транзиттеу жөнін­дегі уағдаластықтар да энерге­тика­дағы өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге көтерді.

 

Әсем РАХМЕТОВА,

Сенат депутаты