Аймақтар • 10 Қараша, 2023

Атырау қаласының бұрынғы әкімі қамауға алынды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол әкімдік қызметкерлерімен бірге алаяқтық бойынша күдікке ілінді.  

Атырау қаласының бұрынғы әкімі қамауға алынды

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қалалық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты алаяқтық белгілерімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға, оның ішінде жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және тағы басқа санатқа жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды. Осыған байланысты бүгін ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды», деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

Экс-әкім Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.