Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
«Иә, бұл қорқынышты түс. Қоңыраулар түскенде, не болып жатқанын мүлде түсінбедім... Шок», деді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.
Назымның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болған. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан соң ажырасқан. Олардың үш баласы бар.
«Біз 2020 жылдың 5 қазанынан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге өмір сүрген жоқпыз. Балаларға қатысты жағдайда сирек араласатынбыз. Бұл қайғылы оқиға, Салтанаттың отбасына көңіл айтамын», деді Қуандықтың бұрынғы әйелі Назым Бишімбаева.
Айта кетейік, кеше Астанадағы Бау ресторанында 20:30 шамасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің зайыбын соққыға жыққан. Әйел адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Қазір экс-шенеунік қамауда отыр.