Қоғам • 11 Қараша, 2023

«Алтын домбыра» биыл кімге бұйырады?

574 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласында «Amanat» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. «Еңбек – ел ырысы» тақырыбындағы дәстүрлі жыр аламаны биыл қарапайым еңбек адамдарына арналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алтын домбыра» биыл кімге бұйырады?

amanatpartiasy.kz

Республикалық айтыстың ашылу салтанатында сөз алған  Мәжіліс Спикері, «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  еңбек адамының мәртебесін көтеруді тапсырып, Республика күні қарсаңында Президент 700-ден астам қарапайым еңбек адамын мемлекеттік наградамен марапаттағанын атап өтті. Бұл – адал да табанды еңбегімен Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп келе жатқан азаматтарымызға деген құрмет екенін айтты. 

айтыс арасына 

«Биылғы «Алтын домбыра» ақындар айтысының өзіндік мәні бар. Бүгінгі айтыс қарапайым еңбек адамдарына арналады. «Еңбек – ел ырысы» деп отырмыз.  Себебі, берекенің бастауы – еңбекте. Ал, оның иесі де, киесі де – қарапайым еңбек адамдары. Осы ретте Мемлекет басшысы «Адал азамат» ұғымын қоғам санасына сіңіруді ұсынды. Айналып келгенде, мемлекетті мемлекет, елді ел қылып отырған бай-бағландар емес, қатардағы жұмысшылар, малшылар, диқандар, ұстаздар мен дәрігерлер. Қазір оларға деген қоғамның шынайы құрметі оянып келеді»,   деді Е.Қошанов.

«Алтын домбыра» республикалық айтысты жүргізу тізгінін ұстаған Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай көрерменге ақындар мен олардың өнерін бағалайтын қазылардың құрамын таныстырды.

«Айтыс – ұрпақтан ұрпаққа әкенің қаны, ананың сүтімен жеткен қастерлі өнер. Бүгін елорда төрінде еңбек адамының қадір-қасиетін, олардың қоғамдағы айрықша орнын жырға қосамын деп ойы өрелі, сөзі сүбелі айтулы ақындар бас қосып отыр. Баршаңызға сәттілік тілеймін», деді А.Әлтай.

Әр аймақтан келген 16 ақынның арасынан кімнің бағы жанатыны ертең белгілі болады.