«Жағалау шағын ауданы - қаланың қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарының бірі. Мұнда үлкен жұмыстар орындалуы қажет: әлеуметтік нысандар салу, жол-көлік инфрақұрылымы, жарықтандыру жүргізу, абаттандыру мәселелері және т.б.
Қаланы аралау барысында бірнеше орынға бардым.
Маңызды мәселелердің бірі - мектеп салу. Нұра ауданының өзінде «жайлы мектеп» жобасы бойынша 2024-2025 жылдары 9 мектеп салынады.
Абаттандыруға тоқталар болсақ, биыл «Нұра» ауданында 5 қоғамдық кеңістік абаттандырылды.
Олардың бірі - «Жағалау» тұрғын үй кешенінің маңында жылдар бойы бос жатқан учаске абаттандырылды.
Онда автотұрағы бар 12 қабатты көпфункционалды кешен салу жоспарланған болатын. Сол сияқты Айтматов көшесінің бойында көгалдандыру жұмысы қолға алынды. 1 мыңнан астам ағаш отырғызылды», деп жазды әкім.
Сондай-ақ «Шығыс» тұрғын үй кешенінің артындағы Бином мектебіне дейінгі көшелердің (Е-12 ,Е-14, Е-15, Е-32, Е–35) құрылысы аяқталды. Онда шаруашылық-тұрмыстық кәріз, нөсер кәрізі, су құбыры жабдықталған, жарықтандыру кабельдері ішінара төселген.
Дегенмен, әкімнің айтуынша, шағын ауданда жарықтандыру мәселесі әлі де бар.
«Желілердің бәрі балансқа берілмеген. Біз оларды кезең-кезеңімен қаланың балансына қабылдаймыз. Көктемде көше құрылысы, аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, көгалдандыру және т. б. жұмысты жалғастырамыз», деп жазды Жеңіс Қасымбек.