Тағайындау • 13 Қараша, 2023

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімімен Серік Батырғожинов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Фото: primeminister.kz

Серік Батырғожинов 1964 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген.

1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Агрономия» мамандығы бойынша, ал, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Экономика және бизнес магистрі. Әр жылдары Қашыр, Ақтоғай, Ертіс, Тереңкөл, Баянауыл аудандарының әкімі қызметтерін атқарды. 

Ал облыс әкімінің орынбасары қызметіне Дәурен Жамбайбек кірісті.

Дәурен Жамбайбек 1981 жылы туған.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Парламент Мәжілісі депутатының көмекшісі, экономика және бюджеттік жоспарлау, өңірлік даму министрліктерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ұлттық экономика министрлігінің өңірлік даму департаментінің директоры болып жұмыс істеді.