Оқиға туралы хабарлама түскен бойда шақырту орнына Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті. Бұл туралы облыстық ЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.
«Сағат 15:07-де бас құтқарушы Айдаров Берікқали, құтқарушылар Ануарбеков Ернар мен Бағыт Айдынның жедел әрекетінің нәтижесінде суға батып бара жатқан азаматша аман-есен құтқарылды. Құтқарушылар 1999 жылы туған әйел адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта әйел адамның жағдайы бір қалыпты, дәрігерлердің бақылауында», делінген хабарламада.
Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушысы, 1 қайық жұмылдырылды.