Спорт • 13 Қараша, 2023

1 миллионнан астам оқушы асық ату челленджіне қатысады

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің хабарлауынша қарашаның 17-сі күні еліміздегі барлық мектептерде ұлттық ойын – асық ойнаудан бір мезетте челлендж өтеді, деп жазады Egemen.kz.

1 миллионнан астам оқушы асық ату челленджіне қатысады

Фото: ашық дереккөз

«Асық ойнау – баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, шапшаң қимылдауына әсер етеді және көру қабілетін жақсартады. Бұл кең көлемді республикалық акция қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған», дейді департамент директоры Меруерт Медетбекова.

Оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнайды. Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025