Қоғам • 13 Қараша, 2023

Оқ тиген: Ұлттық ұлан сарбазы қаза тапты

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскери қызметшінің өліміне қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқ тиген: Ұлттық ұлан сарбазы қаза тапты

ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі таратқан дерекке қарағанда, Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі 12 қарашада әріптесінің абайсызда атылған оғынан жарақат алды. Ол шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда, дәрігерлер әскери қызметшіні құтқарып қала алмаған.

«Қызметтік тергеу тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына көңіл айтады», делінген хабарламада.