( VIII – VIV ғғ. )
Ахмет Иүгінеки
Бүгін барың ертең жоқ.
Көп сөйлеген сөз арзан.
Қайырсыз адам – жеміссіз ағаш.
Жазықтының күнәсін кешкен сауап.
Білместі «білемін» деу – айып.
Қуаныш – бірлеп, реніш – ондап келер.
Өзіңе сіңбеген сыр өзгеге де сіңбейді.
Жапа қылғанға опа қыл.
Тікен егіп, жүзім күтпес болар.
Жамандық жасасаң да, жақсылық жасасаң да жауапсыз қалмайды.
Айла ойлама, адал іс жаса.
Жаман мінез жанға опа бермес.
Әділдіксіз қайыр жоқ.
Шыңдық – шипа, өтірік – дерт.
Сабыр – сауап.
Құламас қамал жоқ.
Теңіз «аз-көп» демей, төсіне тамғанның бәрін жұта береді.
Біліксізге бәрі жөн.
Қараңғының басына хақтың сөзі кірмейді.
Әдептің басы байқап сөйлеу.
Тіл біреуді көтереді, біреудің түбіне жетеді.
Асыл сөз – аз, қалжың сөз – көп.
Ағысты мөлдір бұлақ ортаймайды,
Сөздері білімдардың қартаймайды.
Ойлы сөз – ұтқыр, ойсыз сөз – жұтқыр.
Қазасы жеткен елік тұзаққа өзі барып түседі.
Жыланның сырты – сұлу, іші – у.
Бал қайда болса, ара сонда.
Шадыман шақ шапқан желдей тез өтер.
Үміт соңы – ажал.
Өмір тәтті, бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы, ертең тастап кеткенде.
Майқы
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады.
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.
Жетесіз жігіт ел қадірін білмес,
Некесіз әйел ер қадірін білмес.
Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға біткен тумен тең,
Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.
Хан қасында ақылды би болса, қара жерден кеме жүргізеді.
Хан әділ болса, халық ынтымақты болады.
Хан – халықтың қазығы.
(Ербол Шаймерденұлы құрастырған «Қазақ афоризмдері» кітабынан іріктеліп алынды).