Саясат • 15 Қараша, 2023

Ұйым өкілдерімен кездесті

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесіп, келіссөз жүргізді.

Ұйым өкілдерімен кездесті

Сондай-ақ кездесуге Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт пен ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі кеңсесінің директоры Юрген Хейссель қатысты.

Әңгімелесу барысында тараптар масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру және Қазақстанда бұқа­ралық ақпарат құралдарын дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.