Қоғам • 14 Қараша, 2023

Алматыда әжетханадан табылған нәрестені ерлі-зайыптылар асырап алды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда әжетханадан табылған сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда әжетханадан табылған нәрестені ерлі-зайыптылар асырап алды

Баланы асырап алғандар ұзақ жылдардан бері некеде тұрып, балалы бола алмаған. Отбасы нәрестені балалар үйінің базасынан көріп, басқа қаладан арнайы келіп алып кеткен.

Былтырғы тамыз айында полиция қызметкерлері дәретхана шұңқырына тастап кеткен сәбиді аман алып қалған болатын.

Артынша 17 жастағы кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны белгілі болды. Сот үкімімен кәмелетке толмаған ана кінәлі деп танылып, 8 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

«Көп жылдар бойы олардың балалары болған жоқ. 2021 жылы ата-аналар асырау мектебінен өтіп, 2023 жылы келіп, баланы ұнатып, басқа қалаға алып кетті. Ол бала асырап алынғаннан кейін алты ай біздің бақылауымызда болады», деді қалалық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Айдар Маметов.