Фото: instagram
Шымкентте бірнеше жылдан бері «Фосфоршылар» мәдениет үйі қараусыз бос тұрған еді. Бұл ғимарат бұған дейін «Дархан групп» серіктестігінің меншігінде болып келді. Кейінірек Шымкент қаласының әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірледі. Соның нәтижесінде ғимарат қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды.
«13 қараша күні «Фосфоршылар» мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді. Әрі қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. «Фосфоршылар» сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдімін», деп жазды әкім.