Спорт • 15 Қараша, 2023

Дзюдо: Қай облыстың көрсеткіші төмен?

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы  Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек  сарайында Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегері анықталды. Еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан келген 450-ден астам  балуан бағын сынады. Келесі жылы ғаламдық додаларда белдесуге түсетін ұлттық құрама мүшелері осы біріншіліктің нәтижесіне қарай толыға түседі. 

Дзюдо: Қай облыстың көрсеткіші төмен?

Фото: kaz_judoteam

Сондықтан да ел біріншілігінде спортшылар барын салды. Дегенмен де әлем чемпионатында, ғаламдық  додалардан олжалы оралып жүрген ұлттық құрамадағы тегеурінді балуандарының басым көпшілігі күреспеді. Себеп – жарақат. Биылғы Қазақстан чемпионатында жаңа есім, жас балуандардың жарқырап көрінуіне мүмкіндік туды. Елорда төрінде кімдердің бағы жанып, мерейі үстем түсті?

60 кг

1.Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)

2. Ержан Еренғайыпов (Астана қаласы)

3. Мыңболат Мейрамбеков (Қызылорда облысы)

3. Дәурен Сүйекенов (Алматы облысы)

66 кг

1.Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)

2.Нұрсұлтан Зайзағалиев (Батыс Қазақстан облысы)

3.Еламан Сұлтанбай (Алматы облысы)

3. Алмас Ғалымов (Абай облысы)

73 кг

1.Асқар Нарқұлов (Маңғыстау облысы)  

2. Дархан Қойбағаров (Жетісу облысы)

3. Қуан Барыс (Абай облысы)

3. Ислам Тоқтасын (Алматы облысы)

81 кг

1.Мейірлан Максим (Маңғыстау облысы)

2. Жалғас Қайролла (Абай облысы)

3. Мәди Амангелді (Астана қаласы)

3. Аңсарбек Ғайнуллин (Батыс Қазақстан облысы)

90 кг

1.Айдар Арапов (Түркістан облысы)

2. Ермахан Әнуарбеков (Абай облысы)

3. Асқар Біржанов (Қарағанды облысы)

3. Құдырет Досымов (Шымкент қаласы)

100 кг

1.Ислам Бозбаев (Қарағанды облысы)

2.Әділет Сапарғалиев (Атырау облысы)

3. Ермахан Естай (Астана қаласы)

3. Бекзат Шағатаев (Атырау облысы)

+100 кг

1.Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)

2. Әділ Оразбаев (Абай облысы)

3.Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл облысы)

3. Мәди Еділбаев (Алматы облысы)

Ерлер арасындағы додада Алматы қаласының және Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстарының балуандарына жүлде тиген жоқ.