![Пенчак-силат: Ұлттық құрама 11 медаль жеңіп алды](/media/2023/11/15/whatsapp-image-2023-11-14-at-15.webp)
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
17 елден 400-ден астам спортшы қатысқан Азия чемпионатында еліміздің намысын 19 спортшы қорғап, нәтижесінде 11 медаль жеңіп алды. Нақты айтқанда, 1 алтын, 3 күміс, 7 қолаға қол жеткізді. Сондай-ақ Таяу Шығыстың I ашық чемпионатында 25 отандасымыз сайысып, 8 алтын, 10 күміс, 9 қола, барлығы 27 медаль еншіледі.
Пенчак-силат – индонезиялық және малайзиялық жекпе-жек өнерінің жалпы атауы.
Қазақстан Республикасы Пенчак-силат қауымдастығының 12 облыстық және қалалық федерацияларында 3200-ден астам адам аталған спортпен шұғылданады.