Ерұлан Жамаубаев «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында активтер мен мүліктер арнайы құрылған компаниялардың басқаруына берілетінін айтты.
«Сол шот арқылы экономикада шешілмей тұрған мәселе өте көп. Әлеуметтік маңызы бар жобалар өте көп, мектеп, балабақша, аурухана жалпы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кез келген жобаға жұмсалады. Оның ішінде моноқала дейміз, олардың да проблемалары жетіп жатыр, соларға да жіберуге мүмкіндік бар», дейді министр.