Кеше жарыс кестесі жарияланды. В тобында өнер көрсететін Алматының «Қайраты» тұсаукесер кездесуін 29 қарашада жергілікті «Приштинаға» қарсы өткізеді. Келесі күні Португалияның «Бенфика» клубымен күш сынасады. Соңғы матчта Словенияның «Добовецімен» шеберлік байқасамыз. Осылардың арасындағы ең азулысы «Бенфика» екені даусыз. 2001 жылы Пиреней түбегінде жасақталған команда ел біріншілігі, ел кубогі және суперкубоктің әрқайсысын сегіз реттен олжалады. 2009/2010 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында қарсылас шыдатпады.
Ал «Приштина» мен «Добовец» өз мемлекеттерінің маңдайалды командалары саналғанымен, халықаралық аренада олар ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізе алған жоқ.