15 қарашада Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, қадағалаушы мекеме мүгедектің құқықтарын өрескел бұзу фактісін тіркеді. Прокурорлар 2021 жылы Петропавл тұрғынына 279 780 теңге несие берілгенін анықтады.
Алайда күрделі психикалық дертіне байланысты ІІ топ мүгедегі деп танылған ер адам несиені өз еркімен алмаған.
«Анықталған бұзушылықтар негізінде қадағалау органы ақыл-ойының кемістігіне байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғамен жасалған несие шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот шешімімен прокурордың талаптары қанағаттандырылды, қарыз шарты жарамсыз деп танылды. Ал әрекетке қабілетсіз тұлғаның құқықтары қалпына келтірілді», - деп атап өтті прокуратураның баспасөз қызметі.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.