Парламент • 17 Қараша, 2023

Параспортшылардың бөлек комитеті құрылатын уақыт жетті – депутат

143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Халық партиясы фракциясының мүшесі Сейітжан Кенжеғұл параспорт мәселелеріне қатысты депутаттық сауалын Атырау әкіміне және Бас Прокурорға, сонымен қоса, Туризм және спорт министріне жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Параспортшылардың бөлек комитеті құрылатын уақыт жетті – депутат

Фото: Видеоскрин

Депутаттың айтуынша параспортшылар Азиа ойындарында 8 алтын, 12 күміс  21 қола алып, 11-орынға тұрақтағанымен, параспортшылар әлі күнге дейін дискриминацияға ұшырап отыр.

«Соңғы 4 жылда мүгедектігі бар жандарға 8-ақ млрд, ал мүгедектігі жоқ жандарға 300 млрд-тан астам теңге бөлінген. Әлеуметтік ғимараттар барлық адамдарға жақсы жасалған, 40 пайыз деп ұлттық бағдарламада айтады. Бірақ аталған цифр сәйкес келмейді. Өйткені, Атыраудағы спорт кешенінің тапсырылмағанына 3 жыл болды, 30 пайызы ғана жасалған», деді депутат.  

«Одан да зорын айтсам –  IV Пара Азиядағы спортқа бөлінген ақша келмеген, арбада отырып теннис ойнайтындар өздеріне арбаларын жалға алған. Парахоккей спортындағы азаматтардың да әлі күнге дейін мәселелері шешілмеген», деп қосты С.Кенжеғұл.

Сейітжан Кенжеғұл өзі де паравелоспорттан кәсіби спортшы. Оның айтуынша туристік велосипед сатып алып, өздерінің қаржысына барып, қазақтың байрағын көтеруге атсалысқан.

«Бұл – үлкен дискриминация деп есептеймін. Депутаттық мәртебемді пайдаланып әртүрлі спорт азаматтарына айтқанның өзіңде де әлі күнге дейін  мәселелер шешілмеді», деді депутат.

Депутат аталған мәселелерді айта келе, нақты сұрақтарын алға тартты.

«Атыраудағы спорт кешені мәселесі шешілсін және жастарға арналған спорт кешені дұрысталсын дейміз. Одан кейінгі ең үлкен мәселеміз, уақыт келді, параспортшылардың бөлек комитеті болуын сұраймыз», деп түйіндеді Қазақстан Халық партиясының фракциясының мүшесі Сейітжан Кенжеғұл.

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024