Спорт • 17 Қараша, 2023

Азия чемпионаты: Еншімізде 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды. Құрлық додасының алғашқы сайыс күні еліміздің жас балуандары толайым табысқа жетіп, 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионаты: Еншімізде 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар

Фото: kaz_judoteam

50 келі салмақта Нұрбол Асқар, 66 келіде Мұғамедәли Закиров Азия чемпионатының алтын медалін олжалады. Финалда сүрінген Ерхан Мұрат (55 келі) пен  Нұрсұлтан Ысқақов (60 келі) күміс медальді місе тұтты. Қыздар арасындағы Азия чемпионатында әзірге 3 қола медаль бұйырды. Зере Өтепқали (40 келі), Тасним Абдуали (48 келі) және Аяулым Қайрат (52 келі) қола медаль еншіледі.