Тағайындау • 17 Қараша, 2023

«Қазақ радиолары» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналист Нұртас Солтанұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақ радиолары» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

Фото: «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі

«Қазақ радиолары» ЖШС қарасты 4 радио бар: «Қазақ радиосы», «Shalqar», «Astana» және «Classic».

Нұртас Солтанұлы 2006 жылдан бері Qazaqstan Ұлттық Телеарнасында қызмет етіп келеді.  2006-2011 жылдар аралығында арнаның ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі, 2011-2019 жылдары «Qazaqstan» телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі болды.

«Нұртас Солтанұлы Корпорацияда 18 жылдан бері еңбек етіп келеді. Соңғы төрт жылдан астам уақыт аймақтық арнада өте табысты қызмет атқарды. Енді жинаған тәжірибесі мен кәсіби білімін Қазақ радиосын бәсекеге қабілетті етуге жұмсайтынына сенеміз. Радионың алдына қойылған міндет - ұлттық сипатын сақтай отырып, одан әрі дамыту, заманауи, озық медиаға айналдыру», деді «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы Ләззат Танысбай.

Айта кетейік, Нұртас Солтанұлы 2019 жылдан бері «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Altai» телеарнасын басқарды.

дд