![Бүгін Мейірім Нұрсұлтанов Хулио Аламоспен жұдырықтасады](/media/2023/11/17/d103647c-14ec-42d1-83d1-306154111e0f.webp)
Фото: meiirim.nursultanov
Қарсыласы – Чили боксшысы Хулио Аламос. Кәсіпқой бокста осы уақытқа дейін 19 айқас өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Нұрсұлтанның қарсыласы чилилік Аламос та тегеурінді боксшы. Кәсіпқой бокста 16 мәрте жекпе-жекке түсіп, тек 1 айқасында ғана жеңілді. Осы айқаста жеңген боксшының WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке түсу мүмкіндігі артады. Бүгінде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуі америкалық Джермалл Чарлоның еншісінде.