Қонақтар сағат 22:10 шамасында жарияланған дабылға байланысты толығымен эвакуацияланды.
«Қонақ үй қызметкерлері мен жергілікті жерге жедел келген полицейлер нысанның барлық қонақтарының қауіпсіз жерге тез шығуын қамтамасыз етті. 23 спортшы, техникалық қызметкерлер, түсірілім тобы толық қауіпсіз жерге көшірілді», деп хабарлады Сан-Марино футбол федерациясы.
Оқиға орнына шұғыл келген полицейлер дереу алгоритмге сәйкес әрекет еткен. Кинологтар мен жарылыс техниктері ғимаратты және жақын маңдағы аумақты толық тексеріп, жарылғыш затты таппаған.
Сағат 23:10-да Сан-Марино делегациясы Шератон қонақ үйіне аман-есен оралды.