Спорт • 17 Қараша, 2023

Есеп 2:0: Қазақстанды Ислам жеңіске жетеледі

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков Сан-Марино құрамасының қақпасына екінші голын кіргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есеп 2:0: Қазақстанды Ислам жеңіске жетеледі

Ойынның бірінші таймында қазақстандықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екінші таймның алғашқы минуттарында екінші гол соғылды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен ойынға келесі құраммен шықты: 

Қақпашы: Игорь Шацкий (№12); Қорғаушылар: Марат Быстров (№4), Александр Марочкин (№22), Сергей Малый (№2), (№18) Тимур Досмағамбетов , Бағдат Қайыров (№13); Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов (№20), Александр Зуев (№19), Абзал Бейсебеков (№21), Ислам Чесноков (№9); Шабуылшы: Абат Айымбетов (№17). 

Осы ойынға дейінгі турнирлерге келетін болсақ, Қазақстанның 15 ұпайы болса, Еуро-2024 іріктеу жолындағы басты бәсекелестері Словения мен Дания құрамаларының әрқайсысында 19 ұпайдан бар.

Айтпақшы, Дания мен Словения жұмадан сенбіге қараған түні Копенгагенде өзара ойнайды.