Спорт • 17 Қараша, 2023

Қазақстан - Сан-Марино ойыны: Бір гол өткізіп алдық

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасының қақпасына Сан-Марино ойыншысы алғашқы голын кіргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан - Сан-Марино ойыны: Бір гол өткізіп алдық

Есеп 2:1: Қазақстан құрамасы қақпасына бір гол өткізіп алды.

Ойынның бірінші таймында қазақстандықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екінші таймның алғашқы минуттарында жерлестеріміз екінші голын соқты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен ойынға келесі құраммен шықты:

Қақпашы: Игорь Шацкий (№12); Қорғаушылар: Марат Быстров (№4), Александр Марочкин (№22), Сергей Малый (№2), (№18) Тимур Досмағамбетов , Бағдат Қайыров (№13); Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов (№20), Александр Зуев (№19), Абзал Бейсебеков (№21), Ислам Чесноков (№9); Шабуылшы: Абат Айымбетов (№17).

Осы ойынға дейінгі турнирлерге келетін болсақ, Қазақстанның 15 ұпайы болса, Еуро-2024 іріктеу жолындағы басты бәсекелестері Словения мен Дания құрамаларының әрқайсысында 19 ұпайдан бар.

Айтпақшы, Дания мен Словения жұмадан сенбіге қараған түні Копенгагенде өзара ойнайды.