Спорт • 18 Қараша, 2023

Ұлттық құрама Словенияға аттанды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы  келесі жылы өтетін  Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы ақырғы матчты өткізу үшін Словенияға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Ұлттық құрама Словенияға аттанды

kff.kz

Магомед Адиев баптайтын ұлттық құрама  20 қараша күні  сырт алаңда Словения  құрамасына қарсы ойнайды. Шешуші турда  жігіттер жеңіске жетсе, келер жылы Германия төрінде Еуропа чемпионатының дуына қосылады.

Н тобында Қазақстан құрамасы 18 ұпаймен 3-сатыда тұр. Топ басында 22 ұпай жинаған Дания футболшылары Еуропа чемпионатына жолдаманы еншілеп қойды. Ал  Словения футболшылары еншісіндегі  19 ұпайымен екінші сатыға орнықты.  Олар өз алаңында Қазақстан құрамасын ұтпай-ақ  тең нәтиженің өзін қанағат тұтатыны белгілі. Ал біздің жігіттерге жеңіс ауадай қажет. Өкініштісі, ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыберген мен сұрмерген Бақтиер Зайнутдинов жарақаты жазылмауы себепті маңызды матчқа қатыса алмайды.  Ұлттық құраманың  маңызды ойынын «Qazsport» телеарнасы 20 қарашаның түнінде 01:35-те тікелей эфирде көрсетеді.