Спорт • 19 Қараша, 2023

Әлем чемпионатының жүлдегері жеңілді

1358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада бокстан VI жазғы Спартакиада додасының финалдық жекпе-жегі өтіп жатыр. 63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері жеңіліс тапты. 

Әлем чемпионатының жүлдегері жеңілді

boxingkazakhstan

Спартакиаданың финалдық  жекпе-жегінде күтпеген нәтиже тіркелді. 63,5 келі салмақ дәрежесінде павлодарлық боксшы,  әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов Түркістан облысының боксшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлына есе жіберді. Түркістандық боксшы енді келесі жылы өтетін Париж жазғы  Олимпиадасының жолдамасы үшін өтетін лицензиялық турнирге қатысуға мүмкіндік алды.