Спорт • 19 Қараша, 2023

Нұрбек Оралбай Спартакиада чемпионы атанды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында бокстан өтіп жатқан жазғы Спартакиада ойындарында 80 келі салмақтың финалдық жекпе-жегі әлем чемпиондары арасында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрбек Оралбай Спартакиада чемпионы атанды

Тартысты айқаста 2019 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігінің чемпионы маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов Астана қаласының боксшысы, осы жылы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Нұрбек Оралбайға есе жіберді.

«Барымды салдым, Бекзат осал қарсылас емес. Ендігі меже келесі жылы Италия елінде өтетін лицензиялық турнирде жолдама олжалау. Одан кейін Париж жазғы Олимпиадасының медалін иеленуге барымды салам. Қазақ еліне Олимпиада алтынын тарту етуге барымды салам», деді Нұрбек Оралбай.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024