Депутаттардың талқылауына тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады.
Бұл заң жобасында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Отбасы банкі» толыққанды даму институтын құру мақсатымен азаматтарды есепке қоюды және тұрғын үйлерді бөлуді орталықтандыруға бағытталған нормалар енгізілген. Сонымен қатар мемлекеттік міндеттерді, әскери қызметті атқару және құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларын бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы және тағы басқа да бірқатар маңызды норма қарастырылып отыр.
Жалпы отырыста депутаттар ратификацияланатын заң жобаларын қарайды. Олар: Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттама, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама.
Мәжіліс комитеті азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа алады.