Төтенше жағдай • 20 Қараша, 2023

Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласы мен оған жақын елді мекендер аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы  қала әкімі Хасар Хабылбековтың шешімі «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланады

Фото: pavlodarnews.kz

Құжатқа сәйкес, Павлодар қаласы аумағында, Ленин кентінің, Павлодар қаласы маңындағы Жетекші, Мойылды, Павлодар ауылдарының және Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланады.

Қала әкімінің бұйрығында: «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.  Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын», делінген.

Павлодар қаласы әкімдігі аталған режим өткен демалыс күндері болған дауылдың салдарын жою үшін жарияланғанын мәлімдеді. Қаланың коммуналдық қызметтері апаттың салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Облыстық ТЖД-нің мәлімдеуінше, облыстағы 33 ауыл жарықсыз қалып отыр. Дауыл салдарынан болған шығын мөлшері әлі есептеліп жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Қарағанды ​​облысында төтенше жағдай жарияланғаны мәлім.

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024