Теннис • 21 Қараша, 2023

Бас жүлде – Джоковичте

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Турин қаласында теннис­тен АТР-ның қорытынды турнирі аяқталды. Әлемнің ең үздік ойыншылары бас қосқан бәсекенің финалында Новак Джокович пен Янник Синнер шеберлік байқасты.

Бас жүлде – Джоковичте

Дәстүрлі додада 36 жастағы сербиялық саңлақтың ақтық сынға дейін алқынбай жететініне күмәнданғандар кемде-кем еді. Себебі спорттың бұл түрінде Джоковичтің бағындырмаған белесі жоқ. Сонымен қатар оған көптеген рекордтық көрсеткіш тиесілі. Десек те топтық турнирде ол ойда жоқта Янник Синнерден ұтылып, көпшілікті біраз ойландырып тастаған еді. Соған қарамастан Новак плей-оффқа жолдама алып, жартылай финалда испаниялық Карлос Алькарасты 6:3, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Ал 22 жастағы Италия өкілінің ең үздік көрсеткіші – биыл Уимблдонда үздік төрттіктің қатарынан кө­рініп, АТР турнирлерінде 11 мәрте топ жаруы. Қазіргі кезде әлемдік рейтингте төртінші са­тыға жайғасқан Синнер жартылай финалда ре­сейлік Даниил Медведевті жеңді – 6:3, 6:7, 6:1.

Шешуші сайыста қос саңлақтың жолы қайта қиысты. Топтық турнирдегі сәтсіз­діктен сабақ алған Джокович ақтық сында Синнерді еш қиналмай-ақ еңсерді. Есеп – 6:3, 6:3. Сөйтіп, сербиялық теннисші АТР-ның қорытынды турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды.