Аймақтар • 21 Қараша, 2023

Жолаушылар қауіпсіздігі – басты назарда

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қонаев қаласында халық саны көбейіп, қалааралық қарым-қатынас та жиілей түскен. Соған сәйкес облыс орталығында 10 бағытта 23 автобус жолаушылар тасымалымен айналысады. Жол жүру ақысы бүгінгі күнге 80 теңге, ал оқушылар мен студенттерге жеңілдік ретінде жарты бағасы, яғни 40 теңге болып бекітілген.

Жолаушылар қауіпсіздігі – басты назарда

Көпбалалы аналар мен 78 жастан асқан жолаушылар ав­тобуста тегін жүреді. Қо­ғам­дық көліктердің алдағы қыс айларына дайындығын бас­ты назарға алған Қонаев қа­ла­сының әкімі Нұрлан Құ­матаев жолаушылар тасымалымен айналысатын автопаркке барып, олардың жұмысын тексерді.

Қала басшысы жүргізу­ші­лердің медициналық ба­қылаудан өткені туралы жур­налға және автобустардың техникалық жағдайына назар аударды. Себебі жолаушы­лар­дың қауіпсіздігі бірінші орын­да тұруы қажет. Ол үшін ав­то­бус жүргізушілерінің ден­сау­лығы мықты болып, қоғам­дық көлік талапқа 100 пайыз сәй­кес келу керектігі атап өтілді.

«Біз автопаркке бөлінетін субсидия көлемін арттырып жатырмыз. Сон­­дық­тан қызмет көрсету сапасы да жақ­саруы керек. Қазір жағ­дайды өте жақсы дей алмай­мыз. Халықпен кездесулерде «Арна» шағын ауданы мен сая­жай алқаптары­ның тұрғындары автобус­тың кеші­гіп жүретіні жөнінде үне­мі шағымданады. Жұмысты жандандырып, жұртшылыққа дұрыс қызмет көрсету қажет», деді Нұрлан Құматаев автопарк басшысына.

Компания бас­­шысы әр автобуста дис­пет­­­чер­лердің және автопарк әкім­­шілігінің байланыс нөмір­лері жазылған ақпарат ілініп тұр­­ғанын айтты. Қандай да бір ша­­ғым болса, тұрғындар бір­­ден басшылыққа хабарлай алады.

Айта кету керек, «Қапшағай АТО» ЖШС тек жолаушылар тасымалымен ғана айналысып қоймай, коммуналдық қызмет көрсетеді. Оның ішінде, жеке үйлерден қоқыс шығару да бар.

«Тұрмыстық қатты қалдық­­­тарды шығару таңнан бас­та­­луға тиіс. Қо­қыс тазалау­ға ке­ту­­дің орнына, мені көр­сін де­ген­­­дей, техниканың бәрі тізі­ліп тұр. Одан да мін­дет­теріңіз­ді орын­­­да­ғанда­рыңыз жөн еді», деп кейіді шаһар әкімі.

Автопарк жұмысымен танысқан Нұр­лан Құматаев алдағы желтоқсан айын­да 4 автобус қолданысқа беріле­тінін атап өтті. Сондай-ақ ол автопарк бас­­­шысына қыстың аязды күндерінде автобустардың талапқа сай, жылы болуы қа­жеттігін тапсырды.

 

Алматы облысы,

Қонаев қаласы