Фото: ozgeris.info
Бағдарлама барысында кәсіпкер Айбек Ақаев академикке смартфон тарту етті. Ғалымның есім-сойына бала күнінен қанық болып өскен кәсіпкер құрметін білдіріп сый жасады.
«Маған бұған дейін бірнеше телефон тарту етті. Бірақ уақытымды ұрлайтындай сезіледі, басымды қатырып жібереді. Сондықтан да бұл байланыс құралын үйдегі жеңгең қолданса, ренжімейсің бе?», деді кәсіпкерге.
Академик технологияның озық үлгісі саналатын смартфонды 90 жастағы анасы «сипағыш» деп атайтынын айтты.